Елорда мешіттерінің Құрбан айтқа дайындығы пысықталды (ФОТО)

07 шілде 2022 2737 0
Оқу режимі

Исі мұсылман қауымына қасиеті ерекше Құрбан айт мерекесі қарсаңында ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі бойынша дайындық жұмыстарын пысықтау жиналысы өтті. Қала бас имамы Ерболат Жүсіповтің төрағалығымен өткен алқалы жиынға қала мешіттерінің бас имамдары мен жауапты өкілдері қатысып, Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстарын талқылады.

Қала бас имамы Ерболат Жүсіпов Құрбан айт кезіндегі құлшылық ордаларындағы жалпы тәртіп пен тазалықтан бастап, айт намазының оқылуы, мешіт ауласындағы мерекелік іс-шаралар және «Раббың үшін құрбан шал!» акциясы атқарылатын құрбандық шалу жұмыстары бойынша дайындық жұмыстарын тыңдап, әр бағыт бойынша жауапты қызметкерлерді бекітті.

Айта кетейік, ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі биылғы жылы «Шанхай» базары және «Шопан ата» базары – осы екі орында «Раббың үшін құрбан шал!» акциясын өткізетін болмақ.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру