ЕЛОРДАДА «АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ РУХАНИ ҰСТАНЫМЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

25 қаңтар 2023 1761 0
Оқу режимі

Бүгін Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Алаш қайраткерлерінің мемлекеттік және рухани ұстанымы» атты имамдардың білімін жетілдіру семинары өтті. Семинарға Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған елордалық имамдар қатысып, алаштанушы әрі «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Дихан Қамзабекұлының дәрісіне қанықты.

Дихан Қамзабекұлы Алаш зиялыларының өмірін баяндап, ұлттық құндылықтар мен дінді сақтап қалуда «қазақ оқығандарының» ықпалы зор болғанын айтты. Сондай-ақ, қазақ баспасөзінің тарихынан сыр шертіп, қазақ жастарына шет елдің мәдениетін емес, білімін алудың маңыздылығын атап өтті. ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлының тұшымды баяндамасынан елорда имамдары тың ақпараттарға қанық болды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру