Елордада ХІ Республикалық Құран жарысына іріктеу өтті (ФОТО)

17 тамыз 2022 3093 0
Оқу режимі

Бүгін ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ХІ Республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті. Қалалық «Рахымқызы Раиса ана» мешітінде өткен дүбірлі додаға 25-ке жуық үміткер қатысып, «10 пара», «20 пара», «30 пара» және «Мәнерлеп оқу» аталымдары бойынша бақ сынасты.

Сайысқа Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамдары Жұманазар Садырханов пен Әділхан Серікбай, «Әл-Фараби» мешітінің ұстазы Кулер Нуриддин қарилар қазылық жасап, кіл мықтының арасынан шын жүйрігін анықтауға тырысты.

Жамағат алдында сынға түскен жас қарилар өз қабілеттерін паш етіп, Алланың кәламы – қасиетті Құран кәріммен қаншалықты дос екендіктерін көрсетті. Күн ұзаққа созылған сайыс нәтижесін шығару қазылар алқасы үшін де оңайға соқпады. Дегенмен, бабы мен бағы келіскен төмендегі қатысушылар алдағы күндері ХІ Республикалық Құран жарысында Елорда намысын қорғайтын болып шешілді.

Айта кетейік, жеңімпаздар мен жүлдегерлердің барлығы арнайы өкілдік дипломы табысталып, қаржылай сыйлықпен марапатталды. Сондай-ақ, іріктеу сайысына қатысушылардың барлығына  ұйымдастырушылар атынан сыяпат берілді.

«10 пара» аталымы бойынша:
1-орын – Скаков Омар
2-орын – Жалилов Ясин

«20 пара» аталымы бойынша
1-орын –Хамитов Мырзабек
2-орын – Абишев Дінмұхаммед
3-орын – Олжабаев Мұхамедәли
3-орын – Нұрланұлы Мұртаза

«30 пара» аталымы бойынша
1-орын – Нұрмұхаммед Сұлтан
2-орын – Хакимов Фазлидин
3-орын – Абдикадиров Гиесжон

«Мәнерлеп оқу» аталымы бойынша
1-орын – Исмаилов Азамжан
2-орын – Нұрмұхаммед Жасұлан
3-орын – Аманжол Парасат

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру