Елордадағы 550 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды (ФОТО+ВИДЕО)

25 ақпан 2022 2852 0
Оқу режимі

Алдымызда келе жатқан 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі бойынша ауқымды қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Қаладағы «Шейх Кунта қажы» мешіті мен «Вайнах» шешен-ингуш қауымдастығы біріге атқарған қайырымдылық шарасының шарапаты 550 мұқтаж отбасыны қамтыды.

Азық-түлік сөмкелері алдымен «Шейх Кунта қажы» мешітінде әзірленіп, кейіннен мешіт жамағаты мен қызметкерлері үй аралап, таратуға кірісті. Шара барысында мешіт жамағатымен арнайы дұға жасылып, марқұмдардың рухына Құран бағышталды. Нұр - Сұлтан қаласы бойынша «Зекет жəне Қайырымдылық» бағытының өкілі Жақия Мерей мен «Шейх Кунта қажы» мешітінің Бас имамы Ибраһим Келдібайұлы қайырымдылыққа демеушілік жасаған «Вайнах» шешен-ингуш қауымдастығының өкілдеріне ризашылықтарын айтып, ізгі тілектерін білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру