Елордадағы «Ар-Рахман» мешітіне бас имам тағайындалды (ФОТО)

20 мамыр 2022 3866 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ар-Рахман» мешітіне жаңа бас имам тағайындалды. Жұма намазына жиылған жамағатқа республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Тамирлан Дарханұлы «Уақып – сарқылмас қазына» тақырыбында уағыз айтып, жаңа бас имамды таныстырды. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып беріп, жаңа бас имам Жандос Атембаевқа құттықтау лебізін білдірді.

Атембаев Жандос Сейдахметұлы  1989 жылы 22 шілдеде Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Абай ауылында дүниеге келген.

2012-2015 жылдары «Астана» медресе-колледжін тәмамдап, еңбек жолын ел астанасындағы «Төлебай» мешітінде ұстаздық қызметтен бастаған. Осы мешітте  жыл бойы жемісті қызмет атқарып, Елордамыздың рухани тыныс-тіршілігіне белсене атсалысты.

2016 жылы  Алматы қаласындағы «Қазақстан республикасы имамдарының білімін жетілдіру ислам институты»  білімін жетілдірген.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру