ЕЛОРДАЛЫҚ ДІНИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ҮШ КҮНДІК СЕМИНАР ӨТТІ

11 қараша 2026 197 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни білім және кадр дайындау бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласының діни қызметкерлеріне оқу-әдістемелік семинар өтті.

Үш күнге созылған семинар барысында «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, Құран секторының Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маманы Ерсайын Қабылқанұлы Құран Кәрім бойынша білім жетілдіру сабақтарын жүргізді.

Марапаттау рәсімін Діни білім және кадр дайындау бөлімінің Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маманы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Махмұд Қасым жүргізді. Астана қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы семинарды сәтті аяқтағаны үшін спикер мен қатысушыларға алғыс білдірді. Сондай-ақ алған білімді іс жүзінде қолдану қажеттігін жеткізіп, имамдарды Құран оқыту сапасын арттыруға шақырды. Рәсім соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталып, естелікке суретке түсті.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру