ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНДЕ ПӘТУАЛАР ҚАБЫЛДАНДЫ
28 қазан 2026
99
0
Оқу режимі
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Астана қаласында өткен Ғұламалар кеңесінің 49-шы мәжілісінде бірқатар пәтуалар қабылданды.
Олардың қатарында «ЖИ жасаған ғылыми контентті өзіне телу үкімі», «Жасанды етті (Lab-grown meat) қолдану үкімі», «Кебінге Құран аяттарын жазудың үкімі», «Моральдық зиян үшін өтемақы алудың үкімі», «Банктік тауарруқ үкімі» сынды пәтуалар бар.
Сондай-ақ, жиын барысында Ғұламалар кеңесі «Ұстаздың тұлғалық келбеті» және «Діни білім беру ұйымдарындағы шәкірт әдебі және рухани-тұлғалық бейнесі» секілді құжаттарды қарады.
Мәжілісте қабылданған пәтуалардың мәтіні ҚМДБ-ның ресми масс-медиасында жарияланады.














Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру