«ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНЕ ЖАҢА НАИБ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

01 желтоқсан 2023 841 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Астана қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды.

Қасиетті жұмада Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов Ғылмани мешітіне арнайы ат басын бұрып, жаңа найб имам Әкбаров Қондыбайды жамағатқа таныстырып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді.

Әкбаров Қондыбай Серікұлы 1978 жылы дүниеге келген. 1995 жылы Ұлытау орта мектебін бітірген.

1995-1997 ж.ж. Ислам ниституты (Алматы қаласы);
2006 жылы Түркиядағы екі айлық білім жетілдіру курсы;
2008 жылы Мысырдағы әл-Әзһар университетінде екі айлық білім жетілдіру курсын тәмамдаған.

Жұмыс тәжірибесі:

1997-2000 ж.ж. аралығында Жезқазған облыстық орталық мешітінде найб имам;
2000-2003 ж.ж. Алматы қаласының орталық мешітінде найб имам;
2011 жылы ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша өкіл имам;
2011-2013 жылдар аралығында Жезқазған өңірі бойынша өкіл имам;
2014-2015 жылдар аралығында әс-Сәләм мешітінде найб имам;
2015-2023 ж.ж. Ұлытау облысы Сәтбаев қаласындағы Балмағанбет Балқыбайұлы атындағы мешіттің бас имамы қызметтерін атқарған.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру