ИМАМДАРЫМЫЗ ҚОҒАМ ТАЛАБЫНА САЙ БОЛУЫ ҚАЖЕТ – БАС ИМАМ
Астана қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы елордадағы «Ақмешіт» мешітіне арнайы барып, дін қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында бас имам дін қызметкерлерінің жауапкершілігіне тоқталып, әрбір имам мен ұстаз өзіне жүктелген аманатты адал атқаруы қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ мешіттердегі діни-ағартушылық жұмыстарды жандандырып, жамағатпен байланысты нығайтудың маңызын жеткізді.
«Жамағатпен жұмыс – басты міндет. Мешітке келген әр адам өзін қадірлі қонақ сезінуі керек. Әсіресе жастарды мешіттен алыстатпай, оларға түсінікті тілде насихат айту қажет. Біз тек намаз өткізіп қана қоймаймыз, халықтың діни сеніміне жауаптымыз. Қоғамның талабы күшті. Біз соған лайықты түрде жауап бере алуымыз керек. Жамағат бізден діни білім, өнеге және сабыр күтеді. Мешіт қоғамды біріктіретін рухани орталық болуы тиіс. Әрдайым дін мен дәстүрдің үндестігін көрсету маңызды. Қорыта айтарым бізге үлкен аманат жүктелген. Сол аманатқа адал болуға шақырамын!», – деді Нұрбек қажы Әуесханұлы.
Бас имам өз сөзінде мешітке келген әрбір адам өзін қадірлі қонақ ретінде сезінуі тиіс екенін айтып, жастармен жұмысты күшейту, оларға түсінікті әрі заманауи тәсілмен насихат жүргізу қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, дәстүрлі ислам құндылықтарын кеңінен насихаттаудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында жат ағымдардың алдын алу мәселесі де көтерілді. Бас имам адасқан азаматтарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, оларды дәстүрлі ислам жолына шақыру – дін қызметкерлерінің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
Жиында үздіксіз білім алудың маңызы сөз болып, жастардың діни білімге деген қызығушылығын тиімді пайдалану қажеттігі айтылды. Осы ретте дәріс санын арттыру, шәкірттерді көбейту, мешіт құжаттарын заң талаптарына сай жүргізу және қызмет сапасын көтеру мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында Нұрбек қажы Әуесханұлы мешіт қызметкерлеріне сәттілік тілеп, «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Дәурен Муслимов бастаған ұжымға атқарылып жатқан игі жұмыстар үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ бас имам жамағатпен бірге жұма намазын оқып, жұртшылыққа уағыз-насихат айтты.
%20(%D0%9A%D0%BE%D0%BF%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%82%D1%8C).jpg)

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі