«ИМАН» ЖУРНАЛЫНЫҢ 4-НӨМІРІНЕН НЕ ОҚИМЫЗ?

30 наурыз 2026 52 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл басылымы «Иман» журналының сәуір айындағы нөмірі 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Жан азығы» тақырыбына арналмақ.

Оқырман қауым жаңа нөмірден кітап оқудың маңызы мен пайдасына қатысты тартымды мақалалармен таныса алады. Мәселен, сәуір айының журналы «Бас мүфти мінбері» айдарындағы ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының «Кітап – даналық баспалдағы» мақаласымен басталды. Шариғи редактор Медет Құрмашұлы қасиетті Құран Кәрім жайлы жазса, ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры Төрәлі Қыдыр «Қолжазбадан литографияға дейін» ғылыми-танымдық мақаласын жариялады.

Журналдың бас редакторы Кеулімжай Құтты «Кітап оқудың 5 пайдасын» және «Әлемдік кітап саудасына» арнайы тоқталды. Сондай-ақ, журналдан «Muftiyat» баспасының директоры Батыржан Мансұровтың сұхбатын оқып, осы күнге дейін жарық көрген «Muftiyat баспасының кітаптарымен» толығырақ танысуға мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, балаларды кітап оқуға үйрету мен жастар қауымының кітапқа әуес болуының маңызы айтылған мақалалар да жарияланды. Сонымен қатар, қазіргі дін қызметкерлерінің кітапқа көңіл бөлуі сараланған «Имамдар қандай кітап оқиды?» мақаласы оқырманға ой салады деп сенеміз.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру