«ИМАНИ ЖАЗ 2023»: САУАТ АШУ КУРСЫНА АРНАЛҒАН ОҚУ ҚҰРАЛЫ ӘЗІРЛЕНДІ (ФОТО)

01 маусым 2023 2562 0
Оқу режимі

Оқушылардың жазғы демалысына орай ҚМДБ бастамасы негізінде жыл сайын еліміздегі мешіттерде «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсы ұйымдастырылып келеді. Бастама аясында елорданың барлық мешіттерінде 8-15 жас аралығындағы ер және қыз балалар білім нәрімен сусындап, уақыттарын пайдалы өткізетін болады.

Биыл ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі сауат ашу курсында өтетін сабақтарды жүйелеп, жинақтай отырып, бір оқу құралын құрастырды. Оқу құралында Құран әліппесі, имандылық әдептері, тәрбиелік сағаттар мен салт-дәстүрге қатысты қызықты ақпараттар қамтылған.

Астана мешіттерінің барлығында дерлік сауат ашу курсы осы оқу құралы бойынша өтеді. Биыл «Әзірет Сұлтан» мешіті мен Республикалық Бас мешіт 500 балаға бір айлық сауат ашу курсын өткізсе, Әбу Насыр әл-Фараби мешіті –170 бала, Сәдуақас қажы Ғылмани мешіті, Ырыскелді қажы және Әлжан ана мешіттері – 120 бала, Aqmeshit, Кунта қажы, Әл-Ғани және Раиса ана мешіттері – 70 бала,  Төлебай мешіті – 60 бала, Әл-Фаттах және Көктал мешіттері – 50 бала, Әр-Рахман мен Әс-Сәләм мешіті 30 баланы оқытпақ. Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде арнайы дайындалған оқу құралдары елорда мешіттеріне таратылып берілді.

Биыл мектептердегі соңғы қоңырау 1 маусымға ауысқандықтан  кейбір мешіттерде лагерьдің ашылу салтанаты 3 маусым күні болмақ. Айта кетейік, "Әзірет Сұлтан" мешітінде жазғы сауат ашу курсына тіркеу аяқталды. 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру