«Kazansummit 2022» халықаралық жиынының пленарлық отырысы өтті (ФОТО)

20 мамыр 2022 2898 0
Оқу режимі

Татарстан астанасы Қазан қаласында басталған «Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit» ХІІІ халықаралық экономикалық саммиттің пленарлық отырысы өтті.

Жиында мұсылман мемлекеттерінің сарапшылары мен ғалымдары, діни, қаржы ұйымдарының жетекшілері баяндама жасады. Баяндамашылар Ислам банкингінің, әлемдік халал индустриясының бүгіні мен болшағы жайлы ұсыныстарымен және пікірлерімен бөлісті.

Халықаралық басқосуға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған қазақстандық делегация да қатысты.

Айта кетсек, қазақстандық делегация «RUSSIA HALAL EXPO 2022» халықаралық көрмесін тамашалады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру