«КӨКТАЛ» МЕШІТІ: АУЫЗАШАРДА СҰРАҚ-ЖАУАП ӨТТІ (ФОТО)
26 ақпан 2026
113
0
Оқу режимі
«Көктал» мешітінде Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен ауызашар дастарханы аясында ораза тақырыбына арналған сұрақ-жауап кеші өтті.
Жамағатқа оразаның шарттары, парыздары мен сүннеттері туралы сауалдар қойылып, қатысушылар белсенділік танытты. Дұрыс жауап бергендерге арнайы сыйлықтар табысталды.
Рухани кештің басты мақсаты – жастардың діни білімін арттыру, Рамазан айының қадір-қасиетін терең түсіндіру және жамағат арасында ынтымақ пен бауырмалдықты нығайту.



Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру