«КӨКТАЛ» МЕШІТІ ЗАҒИП ЖАНДАРҒА «РАМАЗАН СЫЙЛЫҒЫН» ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)
22 наурыз 2025
500
0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айының құрметіне ҚМДБ-ның Астана қаласы өкілдігіне қарасты Көктал мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Шара аясында 24 мүмкіндігі шектеулі зағип жанға арнайы Рамазан сыйлықтары табысталды.
Рамазан – мейірім мен қайырымдылық айы. Бұл қасиетті айда мұсылмандар тек өздерін рухани тазартып қана қоймай, мұқтаж жандарға көмектесуге, сауапты амалдарды көбірек жасауға тырысады. Жақсылық жасау – Рамазанның басты қағидаларының бірі. Сол себепті, осындай қайырымдылық шаралары қоғамдағы бірлік пен жанашырлықты арттырып, адамдардың бір-біріне деген қамқорлығын нығайта түседі.
Пікірлер
Кіру