«Көктал» мешіті: Қарттар үйінде рухани кездесу өтті
«Көктал» мешітінің ұйымдастыруымен қарттар үйінде тағылымды рухани кездесу ұйымдастырылды.
«Дәстүр және отбасы құндылығы» бөліміне жауапты ұстаз Хұрсан Бердімуратов қариялармен жүздесіп, жүрекке жылы тиетін насихат айтып, рухани әңгіме өрбітті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қарттарға рухани қолдау көрсету, олардың көңіл-күйін көтеру және қоғамдағы орнының ерекше екенін сезіндіру.
Ұстаз өз сөзінде өмірдің мәні, сабыр мен шүкіршіліктің маңызы туралы айтып өтті. Сонымен қатар, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінен мысалдар келтіріп, қандай қиындық болса да сабырмен қараудың сауабы зор екенін түсіндірді.
Кездесу барысында Құран аяттары оқылып, дұға жасалды. Қарттарға жылы лебіздер айтылып, олардың көңілдеріне қуаныш ұялады.



Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі