«Көктал» мешіті: Зағип жандарға арналған рухани кездесу өтті

04 маусым 2026 103 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Қарттарға құрмет – зағиптарға ізет» атты рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға «Көктал» мешітінің бас имамы Сәбит Әзімбекұлы қатысып, жиналған қауымға адамгершілік құндылықтар, үлкенді сыйлау, қамқорлық көрсету және жанашырлық танытудың маңызы туралы насихат айтты.

Кездесу барысында Ислам дінінің қарттарға құрмет көрсетуді және мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқор болуды ерекше дәріптейтіні кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үлкендерді ардақтау, әлсіздерге қолдау білдіру жөніндегі өсиеттері айтылып, қоғамдағы өзара сыйластық пен бауырмалдық құндылықтары насихатталды.

Жиын соңында қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. Жиналған қауым рухани әсерге бөленіп, мешіт ұжымына алғыстарын жеткізді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру