«КӨКТАЛ» МЕШІТІНДЕ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА «МӘЙІТТІ КЕБІНДЕУДЕН» СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

14 қазан 2024 204 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Көктал» мешітінде «Ihlas» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен әйел жамағатына мәйітті кебіндеу бойынша семинар болып өтті.

Семинарды «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, «Әжелер мектебі» клубының жетекшісі Бекет Күлсара жүргізіп, аталмыш рәсімнің жөн-жоралғысы мен жауапкершілігін түсіндірді. Мәйітті жуындыру, кебіндеу тәртібін ретімен көрсетіп, рәсім кезінде айтылатын дұғалар аталып өтті.

Сондай-ақ, ұстаз әйел жамағатын мәйітті шығарып салу кезінде Аллаға ұнамсыз, серік қосатын амалдардан алыс болуға шақырды. Көрермен қауым сұрақтарын қойып, дәріс соңында ұстазға алғыстарын айтты.

Пікірлер Кіру