КӨКТАЛ МЕШІТІНДЕ «ДІН МЕН ДӘСТҮР» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ (ФОТО)

24 қараша 2022 2228 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы Көктал мешітінде «Жастар» бөлімі және әйел-қыздар секторы арасында «Дін мен Дәстүр» тақырыбында ашық сабақ  өтті.  Ашық сабақ аясында дін мен дәстүр сабақтастығы, қазақ халқының ғибратты әдет-ғұрыптары дәріптеліп, жамағатқа кеңінен түсіндірілді.

Ашық сабақ барысында «қырқынан шығару», «тұсау кесу», «Балаға азан шақырып ат қою» секілді рәсімдер көрініс арқылы көрсетіп, келген жамағатқа бұл ғұрыптардың маңыздылығын түсіндірді.

Ашық сабаққа ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиева ұстаз, Республикалық Бас мешіт ұстазы Әлия Умербекова, «Ырыскелді қажы» мешітінің ұстазы Таңшолпан Турлыбаева қатысып, ізгі тілектерін білдірді.

Шара соңында мешіт атынан барша шәкірттерге алғыс хат пен сыйлықтар  табысталды.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру