«КӨКТАЛ» МЕШІТІНДЕ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМІР ҮЛЕСТІРІЛДІ (ФОТО)

14 ақпан 2026 94 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Көктал» мешітінде мұқтаж отбасыларға арналған қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі іс аясында әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасыға 3 тоннадан көмір отыны түсіріліп берілді.

Қыс мезгілінде отын мәселесі көптеген жанұялар үшін өзекті екені белгілі. Осыны ескерген мешіт ұжымы қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, қамқорлыққа зәру отбасыларға қолдау көрсетуді мақсат етті.

Акция «Көктал» мешітінің Жастар секторының ұйымдастыруымен және жомарт демеушілердің қолдауымен жүзеге асты. Іс-шараға атсалысқан ерікті жастар көмірді үйлерге жеткізіп, түсіру жұмыстарына белсене қатысты.

Қайырымдылық көмегін алған отбасылар ұйымдастырушылар мен демеушілерге алғыстарын білдіріп, игі істердің жалғасын табуына тілектестік танытты.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру