«Көктал» мешітінде жастарға арналған семинар өтті
Жастар тәрбиесінде әдептің алатын орны ерекше. Осы мақсатта «Көктал» мешітінің ұстазы, Жастар ісі секторына жауапты маман Хұрсан Бердімұратовтың мұрындық болуымен жастарға арналған семинар ұйымдастырылды.
Жиын барысында «Көктал» мешітінің бас имамы Сабит Әзімбекұлы жастарға «Әдеп – адам көркі» тақырыбында насихат жүргізді. Көркем мінез, үлкенге құрмет, кішіге ізет және сөз әдебі секілді маңызды құндылықтарға кеңінен тоқталды.
«Мен көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім» деп келетін хадис тармақтары адам мінезінің көркем болуының маңыздылығын түсіндіреді. Сондай-ақ «Жақсы сөз айт немесе үндеме», «Ұят – иманнан» деген жолдар да адам тәрбиесі мен мәдениетінің мәнісін айқындайды.», – деп атап өтті бас имам.
Кездесу барысында жастарға қоғамда өзін дұрыс ұстау, үлкендерді құрметтеу, бос сөзден аулақ болу және ұят сезімін сақтау сияқты ізгі қасиеттер насихатталды.



Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі