Коронавирс індеті басталғалы бері Қағба бірінші рет жуылды (ФОТО)

05 қыркүйек 2020 4815 0
Оқу режимі

Бірер күн бұрын Сауд Арабиясында қасиетті Қағбаны жуу рәсімі болып өтті. әлемді жайлаған коронавирус пандемиясына орай биылғы рәсім қосымша тазалық және сақтық шараларымен жүргізілді.

Қасиетті Қағбаны жуу рәсіміне Мекке қаласының әмірі Халид әл-Файсал бастаған көптеген лауазымды тұлғалар және дін басшылары қатысып, зәм-зәм суы мен раушан майынан әзірленген сумен Қағбаны жуып шықты.

Айта кетейік, қасиетті Қағбаны жуу рәсімі жылына бір рет мұхаррам айында өткізіліп тұрады. 2015 жылға дейін бұл рәсім жылына екі рет өткізіліп тұратын.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру