Коронавирусқа қарсы вакцинаның халал екендігі анықталды

13 қаңтар 2021 3317 0
Оқу режимі

Индонезия мемлекетінің ең жоғарғы ислами ұйымы Қытай елінің коронавирусқа қарсы Sinovac вакцинасының халал екендігін, яғни шариғат талаптарына сай екенін мәлімдеді. Пәтуа шығаруға жауапты Ғұламалар Кеңесінің хатшысы Асрорун Ниам бұл шешімнің арнайы отырыс барысында қабылданғанын, вакцина құрамындағы заттар мен жасалу жолы толығымен талқыланғанын жеткізді.

Дегенмен, ол бұл шешімнің әлі де нақты емес екенін, кеңес мүшелерінің Азық-түлік және дәрі-дәрмектерді бақылау агенттігінің қорытындысын күтіп отырғанын атап өтті. Бұған дейін Кеңес мүшелері қазан айында Sinovac зауытына арнайы барған аудиторлық комиссия қорытындысын қарап шыққан болатын.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру