Күндердің сұлтаны «Қайырымды жұма» жәрмеңкесімен нұрланды (ФОТО)

20 қаңтар 2023 235 0
Оқу режимі

Күндердің сұлтаны болған қасиетті жұмада Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Қайырымды жұма» жәрмеңкесі өтті. Мешіттің әйел шәкірттері мен ұстаздарының қолынан шыққан түрлі тәттілер мен тағамдар жұма намазына жиылған жамағатқа ұсынылып, қайырымдылық саудасын қыздыра түсті.

Сондай-ақ, жәрмеңке сөрелерінен мұсылман тауарлары мен әдеби-рухани кітаптар, мұсылман әйеліне арналған киімдер де орын тауып, келушілерге ұсынылды.

Айта кетейік, қайырымдылық жәрмеңкесі әр ай сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Жиналған қаражат қайырымдылық шараларына жұмсалады.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру