МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІ БЕЛГІЛІ ҚАРИМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

09 қыркүйек 2022 588 0
Оқу режимі

Бүгін ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ырыскелді қажы» мешітінің шәкірттері елімізге белгілі қари, жақында ашылған Республикалық Бас мешітте ұстаздық қызметке кіріскен Мұртаза Ертайұлымен кездесу өткізіп, Құран білгірінің құнды ақыл-кеңестеріне қанығып қайтты.

Құран әліппесінен сабақ беріп, ұстаздық етіп жүрген «Ырыскелді қажы» мешітінің молдасы Хакимұлы Ескендір шәкірттерінің талап-жігерін арттыра түсу үшін осы кездесуді арнайы ұйымдастырған екен. Жастайынан түрлі Құран байқауларында топ жарып, еліміздің атын өзге мемлекеттерге танытып жүрген Мұртаза қаримен жүздесу, оның қысқаша шеберлік сағаты – шәкірттер үшін, шынымен де, рухани олжа болды. Кездесу соңында жастығына қарамастан шәкірттер қауымы Мұртаза қаридан бата сұрап, ризашылықтарын білдірді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру