Мешітке Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың есімі берілді (ФОТО+ВИДЕО)

19 қараша 2021 3238 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні Елорда төріндегі «Нұр Астана» мешітінің атауы өзгертіліп, ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың есімі берілді. Жұма намазына жиналған жамағат алдында салтанатты шара өтіп, қуанышты хабар арнайы жария етілді.

Қасиетті Құран аяттарымен ашылған салтанатты шараға арнайы қатысқан Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов мешітке Әл-Фараби есімі берілуінің маңыздылығын атап өтіп, ізгі тілегін білдірді. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығына орай көтерілген бұл бастаманың ҚМДБ Төралқа мәжілісінде мақұлданғанын жеткізіп, жамағатқа Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау лебізін оқыды.

Данышпан бабамызға деген құрмет үлгісіндей болған салтанатты шараға белгілі қоғам қайраткері Ғарифолла Есім, академик ғалым Дихан Қамзабекұлы сынды ел ағалары да қатысып, өз қуаныштарымен бөлісті.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру