Министр «Халық арнаның» ашылуымен құттықтады

04 қараша 2020 3015 0
Оқу режимі

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен «Халық арна» телеарнасының ұжымын Діни басқарманың төл арнасының ашылуымен құттықтады.

«Қоғамда адамзатты ізгілік пен бірлікке бастаушы – өнегелі сөз болса, оны халық назарына жеткізуші – телеарна. Қазақстан халқын, соның ішінде өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, ізгілік пен адамгершілікке тәрбиелеуде телеарнаның маңызы өте зор деп білемін. Әсіресе жастардың бойында зайырлы мемлекеттің қағидаттарына сай келетін діни сананы қалыптастыру, сондай-ақ теріс діни ағымдардың арбауынан қорғау мақсатында телеарна қомақты үлес қосып, діни-рухани саладағы жетекші арналардың бірі болады деп сенемін.

Теларнада дәстүрлі дінмен қатар, мәдени танымдық бағыттағы көрсетілімдерге орын берілгені қалың жұртшылықты қуантады. Себебі тарихтан тәлім алған жастарымыз ата-бабалар ұстанған дінді, сан ғасырдан бері сабақтасып келе жатқан салт-дәстүрлерін ардақтап, ерекше құрметтейтін болады. Осы ретте телеарнаның ұжымына шығармашылық табыстар тілеймін. «Халық арна» жақсылықтың жаршысына айналсын!» – деп жазды министр.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру