МЫСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ СТУДЕНТТЕРІНЕ ДАСТАРҚАН ЖАЙЫЛДЫ (ФОТО)

04 маусым 2023 1367 0
Оқу режимі

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Мысыр Араб Республикасында білім алып жатқан студенттерге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан дастарқан жайылды.

ҚМДБ Төрағасының студенттермен кездесуі дастарқан басында жалғасып, рухани әңгіме айтылды. Сондай-ақ Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы білім алудың маңызы мен пайдасы туралы айтып, шәкірттерді елге қызмет етуге шақырды.

Өз кезегінде «Талаба» қауымдастығына мүше қазақ студенттері ҚМДБ Төрағасына алғыс білдіріп, жасап жатқан қамқорлығына ризашылығын жеткізді.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру