Наиб мүфти қайырымдылық телерадиомарафонына қатысты (ФОТО)

02 маусым 2021 2911 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы ұйымдастырған «Айналайын» қайырымдылық телерадиомарафонына қатысты.

Жобаның мақсаты – денсаулығына байланысты көмекке мұқтаж балаларға көмек көрсету.

Аталмыш телерадиомарафонына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Діни басқарма да атсалысып, науқас балалардың еміне қолдау көрсетті. Тікелей эфирде наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы тағдыр тауқыметін ерте тартып, сырқатқа шалдыққан балаларға шипа тілеп, ата-аналарына үміт үзбей, ауыртпалыққа мойымауға шақырды.

Айта кетейік, жәрдемге мұқтаж балғындар арасында нефробластома дертімен күресіп келе жатқан 6 жасар елордалық Альарназ Әбдікәрім, Түркияда лейкоздан ем алып жатқан 4 жасар жезқазғандық Батыр Абин бар. Микротия және атрезия диагнозы қойылған алматылық 5 жасар сәби Әлима Жаңабай, эпилепсия, гипоплазия дертіне шалдыққан 5 жасар Атырау тұрғыны Әмір Бадаковтарға көмек көрсетілді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру