Наурызбай қажы Тағанұлы «Иманғали» мешітінде жұма уағызын айтты (ФОТО)

18 қыркүйек 2021 2540 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына жасаған ресми сапарында «Иманғали» мешітінде жұма уағызын айтты.

«Ұлттар мен ұлыстардың жаратылу хикметі» тақырыбында насихат айтқан Бас мүфти: «Алла Тағала жер бетінде ұлттар мен ұлыстарды хикметпен жаратқан. Алланың бұл хикметі бізді бөлінуге емес, керісінше бір-бірімізді тануға, тату өмір сүруге үндейді. Адам баласы қауымдасып өмір сүруге бейім жаратылған. Қоғамда тыныштық пен татулық болмаса адам өмірінен береке кетеді. Біздің бабаларымыз: «Бір күн ұрыс болған үйден қырық күн береке кетеді» деп бекер айтпаған. Хақ Тағала баршамызға бірлік пен берекеде өмір сүруді нәсіп еткей», – деді. 

Сонымен қатар Бас мүфти мешітке жиналған жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жеті бағыт бойынша атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндап, жұма намазы соңында ел игілігі үшін дұға жасады. 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру