Наурызбай қажы Тағанұлы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты (ФОТО)

14 қыркүйек 2021 2107 0
Оқу режимі

Бүгін Атырау қаласында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Иманғали» мешітінде өткен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты.

Игі іс-шарада Бас мүфти: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өзінің күнделікті жұмысында қайырымдылық іс-шараларына басымдық береді. Халқымыз «Қуантсаң баланы қуант, ақылына сәуле түссін» дейді. Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты да осы – баланың жүрегіне қуаныш  ұялату. Алла Тағала осы балалардың зейінін ашып, еліміз бен жеріміздің игілігіне қызмет ететін тұлғалар болуын нәсіп еткей. Әр отбасыға бақыт пен жақсылық тілеймін», – деді.

Қайырымдылық акция аясында 40 отбасыға мектеп сөмкесі мен оқу құралдары берілді.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру