Нұр-Мүбарак: Студенттерге тайм-менеджменттің сырын ашты
«Уақыт қылыш сияқты, сен оны кеспесең, ол сені кеседі...» деген сөз қазіргі кезеңде тіпті өзекті. Себебі барлығы мобильді жылдамдықта болғандықтан, сәл мүдірген адамның көшке ілесіп отыруы қиынға соқпақ. Әрі зерттеушілер де уақыттың жылдамдағанын алға тартуда.
Ал білім алу жолына түскен жастар үшін уақытты өздеріне «бағындырып-бағындырмағаны» ертеңгі қандай ілім иесі болғанымен анық байқалмақ. Сондықтан Нұр-Мүбарак университеті бірінші курс студенттеріне білімді барынша игеріп қалудың тиімді жолдарын ұсынып келеді.
«Студенттің тайм-менеджменті: болашақ исламтанушы маманның оқу процесін ұйымдастыруы» уақытты үнемдеу жайлы тренингі жоспарлы мезеттен де асып жығылды. Себебі студенттер үшін тәжірибелі «бұрынғы» студенттің «аз уақытта» бірнеше тілді меңгерген бүгінгі PhD докторант әрі оқытушыға айналуының өзі көп мағлұмат бергендей, сауалдары туындап жатты. Исламтану кафедрасының оқытушысы, исламтанушы Әбілқайыр Мәдиұлы тайм-менеджмент дәрісінде ғұламалар өмірлерінен мысалдар келтіріп, бүгінгі «қаптап кеткен тренинтерде» айтыла бермейтін құнды мәліметтермен бөлісті. Әбілқайыр Жұматаев сонымен бірге жақсы әдет қалыптастырудың да жолдарын бірінші курс студенттеріне жайып салды.
Тәрбие және әлеуметтік даму департаментінің ұйымдастыруымен карантин шараларына сай өткен бұл құнды дәріске қатыса алмаған өзге де студенттер тренингтің тағы өтуіне емеурін танытты.



Дереккөз: Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі