«НҰР-МҮБАРАК» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КЕШ ӨТТІ
Алматы қаласында «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің 25 жылдығына арналған «Білім, серіктестік және ықпалдылықтың жиырма бес жылы» атты салтанатты мерейтойлық кеш өтті.
Аталаған шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан мен Мысыр елдерінің ресми өкілдері, дін қайраткерлері, профессор-оқытушылар құрамы және қонақтар қатысты.
Жиында ҚР Мәдениет және ақпарат минстрлігі Дін істер комитетінің төраға орынбасары Мақсат Раманқұлов, Мысырдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Самех Фарук Мохамед Шехата және университет басшылығы мерейтойға орай құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, Мысыр Араб Республикасының Бас мүфтиі Назир Мұхаммед Айяд және ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің арнайы бейнеқұттықтауы ұсынылды.
Мерейтой аясында университеттің дамуына елеулі үлес қосқан профессор-оқытушылар, қызметкерлер, ардагерлер мен серіктестер марапатталды.





















Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі