Нұр-Сұлтан өкілдігі мерекелік іс-шара ұйымдастырды (ФОТО)

18 наурыз 2021 3349 0
Оқу режимі

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі мен Дін мәселелерін зерттеу орталығы бірлесіп елорданың әйел жамағатына арналған «Армысың, Әз-Наурыз!» атты мерекелік  іс-шара ұйымдастырды.  

Игі шараның ашылуында Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Нұрдәулет Әлмұханов пен Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов құттықтау лебізін білдірді.

Сондай-ақ, жиын қонағы қоғам қайраткері, Нұр-Сұлтан қаласы маслихатының депутаты Ляззат Мұратқызы мен Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Динара Құтқожақызы жамағатқа арналған баяндамаларын оқып, тыңдаушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. 

Жиын соңында қатысушылар наурыз мерекесіне орай жайылған ақ дастарханнан дәм татып, ұйымдастырушылар тарапынан үлестірілген кәде-сыйларға ие болды.

May be an image of 2 кісі, people standing, people sitting және ғимарат ішінде

May be an image of бір немесе бірнеше адам, people standing және people sitting

May be an image of бір немесе бірнеше адам, people standing, people sitting, headscarf және ғимарат ішінде

May be an image of 1 адам, standing, headscarf, prairie gentian, rose және ғимарат ішінде

May be an image of 5 кісі, people sitting, people standing, headscarf және ғимарат ішінде

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру