Нұр-Сұлтан: «Unaidy» дәмханасы сертификатталды

13 сәуір 2021 2909 0
Оқу режимі

Елорда тұрғындарына кеңінен танылған «Unaidy» дәмханасы «QMDB halal» стандарты бойынша сертификатталды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына арнайы келген Ләйла Сұлтанқызына «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы ұжым жұмысы мен сертификаттау барысын, стандарттау кезеңдерін, халал таңбасының өзге адалдықты анықтайтын белгілерден ерекшелігін түсіндірді.

«Халал – адалдық пен тазалықтың таңбасы. Халал сертификаттау және стандарттаумен тек діни басқарма айналысуы тиіс. «Халал Даму» ұйымы еліміздегі күллі мұсылмандардың адал ас тұтынуына жауапкершілік жүгін арқалаған ұйым. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында, барша ауыз бекіткен мұсылмандарға адал ас ұсыну ниетімен «QMDB halal» стандарты бойынша сертификаттаудан өткендеріңізге Алла разы болсын! Алла кәсіптеріңізге береке берсін! Рамазан айының жақсылығы мен сауабы сіз бен бізге болғай!» – деген Айбек Асқарбекұлы «Unaidy» дәмханасында алдағы уақытта мамандар тарапынан міндетті тексеріс жұмыстары жүргізілетінін ескертті.

Ләйлә Сұлтанқызы да өз кезегінде «Халал Даму» мамандарына алғысын білдіріп, ұжым жұмысына сәттілік тіледі.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру