«Нұрлы жүрек» орталығындағы жетім сәбилерге қуаныш сыйлады (ФОТО)

12 маусым 2021 3654 0
Оқу режимі

Ел астанасындағы «Ырыскелді қажы» мешітінің «Нәзік» қыз-келіншектер клубы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ем қабылдап жатқан жетім сәбилерді арнайы зиярат жасап, түрлі сыйлықтарын тарту етіп қайтты.

Мешіт ұстазы Зарина Жүкенованың жетекшілігімен клуб мүшелері орталықтағы балаларға арналған дамытушы эко-ойыншықтар, ортопедиялық кілемшелер мен доптар, сондай-ақ тәтті тағамдар мен шырындар, арнайы балалар тағамдарын табыстады.

«Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Яхия қажы Абдоллаұлы игі шараға айрықша қолдау көрсетіп, «Нәзік» кулбының мүшелерімен жүздесіп, ақ батасымен шығарып салған болатын.

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру