Оралдық жамағат өз ауласында қардан мешіт тұрғызды (ВИДЕО)

22 қаңтар 2022 2539 0
Оқу режимі

Батыс Қазақстан облысы, Достық ауылында тұратын Нәдір Қуанаев есімді азамат өз ауласында қардан мешіт тұрғызып, әлеуметтік желі оқырмандарының қошаметіне бөленді. Инстаграм желісіне жүктеген видеосында ол аула ішінде үйілген қарды кәдеге жаратып, ақыр соңында Орал облыстық мешітін сомдап шыққанын көрсетеді.

Желі қолданушылары жас жігіттің шеберлігіне тәнті болып, көптеген жылы лебіздерін білдірген.

Видеоны мына сілтеме арқылы көруге болады

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру