Өзбекстанда XIV халықаралық Уақып конференциясы өтуде

19 қараша 2026 105 0
Оқу режимі

ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан XIV халықаралық уақып конференциясына қатысты. 

Ауқымды шарада әлемнің бірқатар елінен келген дін қайраткерлері, халықаралық уақып ұйымдарының басшылары мен сала мамандары бас қосты.

Кездесуде Азамат Әбдікерімұлы елімізде уақып мәдениетін жаңғырту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен жүзеге асырылып жатқан жобаларды халықаралық қауымдастық назарына ұсынды.

Конференция аясында қатысушылар уақып саласындағы халықаралық тәжірибелермен алмасып, қайырымдылықты тұрақты дамытуға бағытталған бастамаларды талқылады.

Қазақстан тарапынан ұсынылған уақып жобалары мен «Уақыпнама» тәжірибесі халықаралық қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырып, еліміздегі уақып мәдениетін жаңғыртудың жаңа мүмкіндіктерін көрсетті.








​

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру