ПРЕЗИДЕНТ АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

27 қыркүйек 2022 525 0
Оқу режимі

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Мемлекет басшысы сапарын Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етуден бастады.

Кесенені зиярат етуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да қатысты.

Одан ары Мемлекет басшысы Түркістан облысы жұртшылығымен кездесті. «Мен қасиетті Меккеге барған кезде Қағба төрінде және осы жолы киелі Түркістанда ата-бабаларымызға құран бағыштап, хандарымыздың рухына тағзым етіп, Алладан бір-ақ тілек тіледім. Ол – еліміздің амандығы және халқымыздың бірлігі» деді Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру