ҚАДІР ТҮНІ: «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ 5000 АДАМҒА СӘРЕСІ ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)

Мың айдан да қайырлы Қадір түні бағдарламасы аясында «Әзірет Сұлтан» мешітінде исі мұсылман үшін рухани іс-шаралар таң намазына дейін жалғасты.
Мешітімізде өткен рухани іс-шарада Қадір түнінің қасиеті мен хикметіне қатысты түрлі тақырып төңірегінде әсерлі уағыз-насихаттар айтылды. Құран хатым дұғасы бағышталып, қарилар марапатталып, арнайы викториналық ойын өткізіліп, әуезді Құран оқылды.
Таң намазының уақыты жақындай бере қасиетті түнді Алланың үйінде өткізген 5000 жамағатқа сәресі таратылды.
Бұл игі іс-шара жамағаттың рухани байланысын арттырып, қасиетті түннің берекесін сезінуге мүмкіндік берді. Қадір түнінде мешітте жиналған ағайын өзара бауырмалдық танытып, бір-біріне ізгі тілектерін арнады. Сәресі дастарқаны басында ақсақалдар мен жамағат бата жасап, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тіледі.
Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі