ҚАДІР ТҮНІ: «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ҚАРИЛАР МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

Мың айдан да қайырлы Қадір түні бағдарламасы аясында «Әзірет Сұлтан» мешітінде Рамазан айында тарауық намазын өткізіп, көпшілікті Құран нәрімен сусындатқан қарилар жамағат алғысына бөленді.
Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов қариларды марапаттап, алғысын білдірді. Қазақы дәстүрмен иықтарына шапан жауып, сауапты амалдары үшін Алладан мол берекет тіледі. Жамағат арасындағы көнекөз қариялар мен ақ сақалды абыздар батасын беріп, қарилар көптің ыстық ықыласына бөленді.
Айта кетсек, қасиетті түннің құрметіне «Әзірет Сұлтан» мешіті жамағат үшін арнайы бағдарлама әзірлеген. Құран хатым дұғасы бағышталып, қарилар марапатталып, арнайы викториналық ойын өткізіліп, әуезді Құран оқылып, қарилармен сұхбат жүргізу жоспарланған. Таң намазы уақыты жақындағанда мешітке келген жамағатқа сәресі таратылады.
Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі