ҚАДІР ТҮНІ: «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ВИКТОРИНАЛЫҚ СҰРАҚТАР САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)
26 наурыз 2025
434
0
Оқу режимі

Мың айдан да қайырлы Қадір түні бағдарламасы аясында «Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағат арасында викториналық сұрақтар сайысы өтті.
Мешіт жамағатына дін мен дәстүр аясында викториналық сұрақтар қойылып, тың мағлұматтар ұсынылды. Көпшілік арасынан үздік қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.
Айта кетсек, қасиетті түннің құрметіне «Әзірет Сұлтан» мешіті жамағат үшін арнайы бағдарлама әзірлеген. Құран хатым дұғасы бағышталып, қарилар марапатталып, арнайы викториналық ойын өткізіліп, әуезді Құран оқылып, қарилармен сұхбат жүргізу жоспарланған. Таң намазы уақыты жақындағанда мешітке келген жамағатқа сәресі таратылады.
Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру