ҚАДІР ТҮНІ: ҚАРИ МЕН ЖАМАҒАТ АРАСЫНДА АШЫҚ СҰХБАТ ӨТТІ (ФОТО)

Мың айдан да қайырлы Қадір түні бағдарламасы аясында «Әзірет Сұлтан» мешітінде исі мұсылман үшін рухани іс-шаралар таң намазына дейін жалғасты.
Рамазан айы бойы тарауық намазын жүргізген қарилардың бірі Мұсабек Еркінбек пен жамағат арасында ашық сұхбат өрбіді. Салмақты сұрақтарын қойып, диалогты өрбіткен «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Ерсайын Сәкенов жамағатты қызықтырған сауалдарды жолдап, Құран оқу, Алланың кәламын үйренудің қыр-сырын алға тартты.
Бұл игі іс-шара жамағаттың рухани байланысын арттырып, қасиетті түннің берекесін сезінуге мүмкіндік берді. Қадір түнінде мешітте жиналған ағайын өзара бауырмалдық танытып, бір-біріне ізгі тілектерін арнады. Сәресі дастарқаны басында ақсақалдар мен жамағат бата жасап, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тіледі.
Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі