ҚАЛА БАС ИМАМЫ: ЕЛОРДА ИМАМДАРЫ ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫН НЫҒАЙТУҒА АТСАЛЫСУ ҚАЖЕТ
Астана қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы Есіл ауданында орналасқан «Әл-Ғани», «Әлжан ана» және «Әл-Фараби» мешіттеріне сондай-ақ Сығанақи институтына бақылау-басқару бағыты аясында ат басын бұрып, құлшылық ордаларының тыныс-тіршілігімен танысты.
Сапар барысында «Әлжан ана» мешіті жанынан ашылған Отбасылық кеңес беру орталығының ресми ашылу рәсімі өтті. Орталықтың ашылуына арнайы қатысқан қала бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы жаңа бастамаға ақ батасын берді.
Орталықтың негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын нығайту, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара түсіністік пен татулықты арттыру, сондай-ақ отбасылық мәселелер бойынша рухани және психологиялық кеңес беру жұмыстарын жүргізу. Бас имам бұл игі бастаманың қоғамдағы отбасы институтын сақтауға және жанұялық құндылықтарды дәріптеуге маңызды үлес қосатынын атап өтті.
Ал «Әл-Фараби» мешітіне барған тұста жамағатпен кездесіп, нашақорлықтың алдын алу тақырыбында насихат айтты. Бас имам жастарды зиянды әдеттерден сақтануға, салауатты өмір салтын ұстанып, рухани құндылықтарды берік ұстауға шақырды.
Сығанақи институтында өткен кездесуде де ілім ордасының ұстаздары мен шәкірттерінің басын қосып, арнайы жиын өткізді. Басқосуда тәрбие мен білім беру үдерісіндегі жауапкершілік жөнінде мазмұнды пікір алмасу өтті.
Жалпы мешіттерге жасаған бақылауы аясында бас имам Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан мешіт ұжымдарына алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарға қатысты бірқатар маңызды міндеттерді тапсырды.
Сондай-ақ, басымдық беріп айтылған тапсырмалардың бірі «Ислам және адал қоғам» жылы аясында қоғамдық құндылықтарды насихаттау болды. Әсіресе, отбасы институтын нығайтуға барынша атсалысу, осы тұрғыдан мешіттерде жамағатқа арналған дәрістерді көбейту, қайырымдылық пен әлеуметтік жауапкершілікті арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту тапсырылды.
Жат ағымның алдын алу және жастардың діни сауатын арттыру мәселелері де назардан тыс қалмады. Нұрбек қажы Әуесханұлы мешіттерде Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебінің ұстанымдарын терең түсіндірудің маңызын атап өтіп, жамағатпен жұмыс барысында көркем насихат пен даналыққа басымдық беру қажеттігін жеткізді.
Қорытындылай келе, аталған мешіттердің бүгінгі жай-күймен толық танысып шыққан бас имам атқарылып жатқан жұмыстарды саралады. Кездесулерде тек артықшылықтар ғана емес, назар аударуды қажет ететін мәселелер де ашық айтылды. Әр мешіт өз аумағындағы халықтың рухани сұранысына жауап бере алатын деңгейде жұмыс істеуі керектігін атап өтті.
%20(%D0%9A%D0%BE%D0%BF%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%82%D1%8C).jpg)

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі