Қала бас имамы мерекеге орай қариялардың үйін зиярат етті

30 мамыр 2026 118 0
Оқу режимі

Астана қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы Құрбан айт мерекесіне орай қариялардың шаңырағын зиярат етіп, мерекемен құттықтап қайтты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес жүзеге асқан игі бастама аясында қала бас имамы айт мерекесімен құттықтады. Қариялардың хал-жағдайын сұрап, ақ батасын алды. Қазақы салтпен құрмет көрсетіп, иықтарына шапан жапты.

Кездесу барысында үлкендердің өнегелі өмір жолы, ұрпақ тәрбиесі мен ел бірлігі жайында тағылымды әңгіме өрбіп, ақсақалдар жастарға ақыл-кеңестерін айтты.

Нұрбек қажы Әуесханұлы Құрбан айттың мұсылман жұртшылығын мейірімге, бауырмалдыққа және өзара жанашырлыққа үндейтін ұлық мереке екенін атап өтті. Сондай-ақ бұл мейрам адамдар арасындағы сыйластықты арттырып, ағайынның араласуын көбейтіп, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсетілетін рухани құндылықтарды жаңғырта түсетінін жеткізді.

Ақсақалдар өз кезегінде мерекелік құттықтау мен құрметке ризашылықтарын білдіріп, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін ақ тілектерін арнады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру