ҚАЛА БАС ИМАМЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА КУРС АШУ ТУРАЛЫ АҚЫЛДАСТЫ (ФОТО)

03 ақпан 2023 1730 0
Оқу режимі

Бүгін Елорда Бас имамы Ерболат Жүсіпов Астана қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесіп, ерекше қажеттілігі бар жандарға діни сауат ашу курстарын ұйымдастыру жөнінде ақылдасты.

Кездесуде Ерболат Нұрылдаұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өзінің бағдарлық баяндамасында мүмкіндігі шектеулі жандарға дін насихатын жүргізуге ерекше назар аудартқанын атап өтті. Осы ретте кездесуге келген «(Шоудаун) соқырлар үстел федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Серік Жүзбай зағип жандарға Брайл жүйесі арқылы сабақ берудің тиімді екенін айтып, өз ұсыныстарын білдірді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру