Қала бас имамы құрбан айтқа дайындық жұмыстарын пысықтады
Астана қаласының бас имамы Нұрбек Әуесханұлының төрағалығымен Құрбан айт мерекесіне дайындыққа арналған жиын өтті.
Басқосуға елорда мешіттерінің қызметкерлері қатысып, ұлық мерекені жоғары деңгейде ұйымдастыру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Жиын барысында Құрбан айт намазын өткізу тәртібі, құрбан шалу рәсімдерін жүйелі ұйымдастыру, арнайы орындардағы тазалық пен қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар жамағатқа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қайырымдылық шараларын үйлестіру және мұқтаж отбасыларға құрбан етін үлестіру бағытындағы жұмыстар пысықталды.
Нұрбек Әуесханұлы дін қызметкерлеріне мереке күндері жамағатпен мәдениетті әрі сауатты жұмыс жүргізудің маңызын атап өтіп, құрбан шалу рәсімдерінің шариғат талаптарына сай әрі ұйымшылдықпен атқарылуы қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ мешіттердегі тәртіп пен тазалықты сақтау, келушілерге қолайлы жағдай жасау және діни рәсімдердің мән-маңызын халыққа кеңінен түсіндіру бағытында нақты міндеттер жүктелді.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі