«Qamqor-Sharapat» орталығы Елорда имамдарымен басқосу өткізді (ФОТО)

25 ақпан 2021 3604 0
Оқу режимі

Жақында ғана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығы ресми түрде жұмысын бастаған болатын. Жаназа және жерлеу рәсімдерінде ысырапшылдық пен бәсекелестікке жол бермеу және жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында іске қосылған «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығы бүгін Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің қызметкерлерімен алғашқы басқосу жиынын өткізді.

Жиынға «Qamqor-Sharapat» орталығының директоры Камалжан Тұрдыбаев, «Aqmeshit» мешітінің бас имамы Дәурен Муслимов және қаладағы 12 мешіт бойынша жерлеу және жаназа рәсімдеріне жауапты діни қызметкерлер қатысты. Жиын барысында Камалжан Тұрдыбаев орталық жұмыс бағытымен таныстырып, ҚМДБ-ның «Зират және зиярат мәдениеті» құжатына сай жерлеу тәртібін түсіндірді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру