Қарағанды орталық мешітінде 150 отбасыға көмек көрсетілді (ФОТО)

25 мамыр 2021 2402 0
Оқу режимі

Қарағанды өңіріне ресми іссапармен келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы облыстық «Әнет баба» мешітінде өткен қайырымдылық іс-шарасына арнайы қатысты.

Өңірдің орталық мешітінде 150 мұқтаж отбасыға қайырымдылық жасалып, азық-түлік салынған қораптар табысталды.

Бас имам Өмірзақ Бекқожаның ұйымдастыруымен өткен іс-шара барысында Наурызбай қажы Тағанұлы қайырымдылыққа атсалысып, жәрдем көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру