ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛАРЫ ҚАСИЕТТІ МЕКЕНГЕ ТОЛЫҚ ЖЕТТІ (ФОТО)

11 маусым 2024 271 0
Оқу режимі

Қазақстан қажылары толығымен Мекке мен Мəдина қалаларына жетті. Қажылар мінген соңғы рейс Сауд Арабиясының Жидда қаласына келіп қонды.

Қазіргі таңда 5081 қазақстандық қажы толығымен қонақүйлерге орналасты. Оларға отандық 16 қажылық компаниясы қызмет көрсетуде. Наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы бастаған Қазақстан қажылық миссиясының өкілдері аталған компаниялардың қызметін тексеру-қадағалау жұмыстарына кірісіп кетті.

Осы уақытта отандастарымыз кіші қажылығын өтеп, үлкен қажылыққа дайындалуда. Мүфтият бекіткен 17 имам уағыз-насихат жүрігізіп, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы қажылардың сұрақтарына жауап беруде.

 ​

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру