ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАН МҮФТИЛЕРІ ЕКІЖАҚТЫ БАЙЛАНЫСТЫ АРТТЫРУҒА КЕЛІСТІ

07 қазан 2024 580 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер алқасының кезекті V мәжілісі аясында Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы, шейх Нуриддин қажы Холиқназармен кездесті.

Кездесуде екі ел арасындағы рухани байланысты нығайтудың маңызы сөз болды. Мәртебелі мейман Астана қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер алқасының кезекті мәжілісін, сонымен қатар «Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын жоғары деңгейде ұйымдастырған ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына және мүфтият қызметкерлеріне айрықша алғыс білдірді. Айтулы басқосулар түркі жұртының рухани тұтастығына оң ықпал еткенін атап өтті.

Наурызбай қажы Тағанұлы халықаралық басқосуда мазмұнды баяндама жасаған Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы, шейх Нуриддин қажы Холиқназарға алғысын білдірді. Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты арттыруға уағдаласты.

Айта кетсек, Мүфтилер алқасында «Ислам жергілікті халық дәстүрін қолдайды» құжаты мен «Фиқһ мектебінің пәтуа беруге қатысты» ережесі қабылданған болатын.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру